
Құрметті ата-аналар, оқушылар және қонақтар!
Сіздерді біздің мектептің ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымын! Бұл сайт білім беру ұйымымыздың барлық мүдделі тараптары үшін ақпарат алмасудың маңызды құралы ретінде қызмет етеді. Мұнда сіздер біздің мектептің жаңалықтары, оқиғалары, жетістіктері мен болашақ жоспарлары туралы толық мәліметтер ала аласыздар.
Мектебімізде білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың жан-жақты дамуына және олардың шығармашылық қабілеттерін ашуға үлкен мән беріледі. Біз оқушыларымыздың тек академиялық білім алып қана қоймай, сонымен қатар адамгершілік, мәдени және әлеуметтік құндылықтарды меңгеруіне де үлкен көңіл бөлеміз.
Біздің мақсатымыз – әрбір оқушының жеке қабілеттерін анықтап, олардың болашақта табысты әрі бақытты өмір сүруіне қажетті білім мен дағдыларды игеруіне жағдай жасау. Осы мақсатта біз жоғары білікті педагогикалық ұжыммен бірлесе отырып, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістерін қолданамыз.
Сайтымызда сіздерге қажетті ақпараттарды оңай табуға, мектептің күнделікті өмірімен танысуға және бізбен тығыз байланыста болуға мүмкіндік бар. Мұнда оқу процесі, сабақ кестесі, іс-шаралар жоспары, мұғалімдердің кәсіби дамуы және ата-аналармен жұмыс туралы ақпараттар қамтылған. Сонымен қатар, сайт арқылы мектептің әкімшілігіне, мұғалімдерге және басқа да қызметкерлерге сұрақтар қойып, ұсыныстар мен пікірлеріңізді білдіре аласыздар.
Біздің мектеп – үлкен отбасы. Бәріміз бірге жұмыс істеп, оқушыларымыздың жарқын болашағын құруға үлес қосайық!
Сіздерге денсаулық, бақыт және табыс тілеймін!
Құрметпен,
Сабира Аманжановна Сагындыкова
05.09.2025
Мектебімізде Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған қазақ,орыс,ағылшын пәндер бірлестігінің онкүндігі салтанатты түрде ашылды.
Бүгін мектебімізде Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің онкүндігі салтанатты түрде ашылды! Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан қайраткердің еңбегі- өскелең ұрпаққа мәңгілік мұра. Білім мен бірлік тоғысқан...
02.09.2025
Мектебіміздің барлық сыныптарында "Менің Отаным-Қазақстан" тақырыбына арналған сынып сағаттары өтті.
Бұл кездесулер оқушылардың ел тарихы, мәдениеті мен жетістіктері туралы білімін кеңейтіп қана қоймай, олардың болашақтағы Қазақстанның дамуына қатысты ой-пікір қалыптастыруына мүмкіндік берді. Оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдерін еске алып, мемлекет...
01.09.2025
Мектебімізде "Мектебім-мейірім мекенім" атты Білім күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.
03.05.2024
Ілеспе хат
03.05.2024
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында 2023 жылға арналған қызметтер туралы бұйрығы
03.05.2024
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында 2023 жылға қызметтердің есебіне ашық талқылау өткізу нәтижелері туралы қорытындысы.
30.01.2024
Математикадан «Бастау» олимпиадасы
24.01.2024 ж. 2.3.4 сынып оқушылары арасында «Бастау» облыстық математикалық олимпиадасы өтті.
Якупов А.ҚМУ «Жалпы білім беретін мектеп, Қостомар ауылы» ІІ орын, жетекшісі Иманбаева Б.М.
30.01.2024
«Шаңғы жарысы»
Ақмола облысы, Аршалын ауданы, «Ижевское ауылының жалпы орта мектебі» КММ-де облыстық шаңғы жарысы өтті, ҚМУ Костомар орта мектебі қатысты, жүлделі орындар: 2 орын Тавлетеева Р.- 9 сынып оқушысы 2 орын Хванг М.- 8 сынып оқушысы 3 орын Оразов Нұрзат – 8 сынып...
30.01.2024
«Әскери спорттық шара»
"Қостомар ауылының жалпы орта мектебі" КММ аймақтық «Әскери-спорттық іс-шара» өткізілді, оған 5 мектеп қатысты: «Сары-Оба стансасының №1 жалпы орта мектебі» КММ, «Сараба ауылының жалпы орта мектебі» КММ, «Бұлақсай ауылының №2 Абай атындағы жалпы...
26.08.2023
КГУ Костомарская основная школа
ок